Жетісулық жастар «Дара» жобасына қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулық жастар «Дара» жобасына қатысады

11.05.2023

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының жаңа «Дара» интелектуалдық жобасына Талдықорғандағы жоғары оқу орнының студенттері де қатысады. Білім ордасының 6 факультетінен іріктелген 6 тәлімгер еліміздің басқа да аймақтарынан келетін замандастарымен ой жарыстыратын болады. «Дара» ұлттық білім бәйгесіне 32 жоғарғы оқу орнынан 200-ге жуық студент келеді деп күтілуде. Бағдарлама 3 кезеңнен тұрады. Басты мақсат жастардың логикалық ойлау қабілеттерін, шешендік өнерін шыңдап, университеттердің білім деңгейін анықтау.

Болат Сериев, университет проректоры:

Республикалық, облыстық маңызды шараларға қатысып, өзін тиісті дәрежеде дәлелдеп, сөйлеу шешендігін көрсеткен, сөз саптауы мықты, ойлау өрісі жоғары адамдарды іріктедік.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу