Қазақстанға визасыз кірген шетел азаматтарына елімізде қалуға рұқсат етілмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға визасыз кірген шетел азаматтарына елімізде қалуға рұқсат етілмейді

11.05.2023

Қазақстанға визасыз кірген шетел азаматтарына жұмысқа орналасуға, елімізде қалуға рұқсат етілмейді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қытаймен арадағы визасыз тәртіпке қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, шетелдік қонақтар тәртіп бұзса жауапқа тартылады. Ал виза құжаты тек туристер мен кәсіпкерлерге, сондай-ақ туыстарына келу үшін беріледі. Мәулен Әшімбаев бүгінде 50-ге жуық елдің азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатынын айтты. Оның ішінде АҚШ, Еуропа және Азия елдері бар.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Соңғы жылдары Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз кіруге мүмкіндігі бар. Бұл қазір қабылданып жатқан мәселе емес. Бұл пандемияға дейін қабылданған. Осындай мүмкіндіктер бар. Қытай азаматтарына, Еуропа азаматтарына, басқа да мемлекеттерге. Ол бізге туристерді тарту үшін және бизнеспен, кәсіппен келіп жатқан азаматтарға сондай мүмкіндік жасау үшін керек.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу