Дональд Трамп 5 млн доллар төлеуге міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп 5 млн доллар төлеуге міндеттелді

10.05.2023

АҚШ соты бұрынғы президент Дональд Трампты журналист Элизабет Джин Кэроллға жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткені үшін 5 миллион доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Алайда Трамптың өзі сәуірдің 25-де басталған процеске қатыспады. Бірақ ол әлеуметтік желіде пост жариялап, сот үкімін «масқара» деп атады. Сонымен қатар, экс-президент әділет органдарына шағымданған әйелдің кім екенін мүлде білмейтінін мәлімдеп отыр. Айта кетсек, Америка Құрама Штаттарының тарихында алғаш рет бұрынғы мемлекет басшысы зорлық-зомбылық үшін айыпты деп танылып, құқықтық тұрғыдан жауапқа тартылып отыр. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу