Америкада өткен байқауда қазақстандық жауынгер үздік атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкада өткен байқауда қазақстандық жауынгер үздік атанды

06.05.2023

Әжеміз тыл еңбеккері болса, ақтаулық сержант Ермек Зайлағи - үздік жауынгер. Аризона штатында Ұлттық гвардия базасында өткен байқауда жеңімпаз атанды.

Жарыста Америка Құрама Штаттарының үздік командалары бақ сынады. Ал Қазақстанның атынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының кіші сержанты Нәзира Әлбосынова мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығынан «Қазақстан қарулы күштерінің үздік сержанты» байқауының абсолюттік чемпионы Ермек Зайлағи қатысты. Атыс дайындығы, спорттық жарыс, жорықтық жүгіру, байланысқа шығу, қаруларды шашып жинау сияқты 15 аталым бойынша Ермек алдына жан салмай, 1-орынды жеңіп алды.

Ермек Зайлағи, 27/744 әскери бөлімінің дивизион сержанты:

Әскери киіммен және артта весмешок деп аталады сөмке болды 15 кг-дық яғни 35 фунттан кем болмау керек сондай жүкпен 20 км шақырым жүгіру керек болатын. 17-ші шақырымға дейін ілесті АҚШ -тағы қарсыластарым.17 км-ден кейін алға шығып финишке мәреге бірінші болып жеттім.


Хабарламаларға жазылу