Жазушы Серік Негимовтің жеке мұрағатындағы 1 065 құжат Ұлттық архивке табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Серік Негимовтің жеке мұрағатындағы 1 065 құжат Ұлттық архивке табысталды

05.05.2023

Көсем сөздің кеншісі

Көсем сөздің кеншісі. Белгілі ғалым, жазушы Серік Негимов жеке мұрағатындағы 1 065 құжатты Ұлттық архивке табыстады. Өскелең ұрпаққа мұра болып қалатын деректер арасында ғалымның қолжазбалары мен әр жылдардағы фотосуреттері де бар. Іс-шара аясында профессордың «Мәлік Ғабдуллин» кітабының таныстырылымы өтті. Деректі-филологиялық зерттеу бағытында жазылған туынды Кеңес Одағы батырының балалық және студенттік шағын қамтиды. Майдан даласындағы әсіресе, Мәскеу түбіндегі шайқастардағы ерліктері мен ұлттық әдебиеттану саласына қосқан еңбегі жазылған. Кітапта Мәлік Ғабдуллинің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін фотосуреттер жарияланып отыр.

Серік Негимов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Қаныш Сәтбаев айтқан «Қазақ интеллигенциясынан шыққан бірінші батыр» деп. Міне, осы батырдың бүкіл өмірі, ортасы, шығармашылығы, студенттермен, жалпы қарапайым халықпен байланысы деректер негізінде дәлелденеді.

Жандарбек Мәлібеков, сәулетші, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы:

Ұлттық дәстүрдегі шежіре сөздері немесе даналық сөздерінің барлығы осы Серік Негимовтың сөз тіркестерінен табуға болады. Сондықтан бұл шын мәнінде біздің жастарымыз үшін қуанышты. Біздер үшін қуынышты.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу