Астанада ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай, халықаралық дөңгелек үстел өтті. Бұл күні Түркі әлемінің мәдениеті мен әдебиетіне, елеулі үлес қосқан тұлғалардың есімі ұлықталды. Қонақтар түркі өркениетінің тарихы, ТҮРКСОЙ-дың түркі халықтарының бірлігіндегі рөлі жайлы сөз қозғады. Халықаралық ұйымның бас хатшысы Сұлтан Раевтің айтуынша, алдағы уақытта «Қымыз-фест» фестивалі ұйымдастырылады. Жалпы 1993 жылы қазақ жерінде негізі қаланған ұйымның бас штабы, қазір Түркияның Анкара қаласында орналасқан. Ал бірлестіктің өзі түркі мемлекеттер арасындағы мәдени-рухани көпірге айналып отыр.
Айта кетсек, 2023 жыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланды.
Сұлтан Раев, Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымының бас хатшысы:
Біз отыз жылда біз БҰҰ Альянсына мүше болып қабылдандық. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. Жыл сайын 200-ге жуық мәдени бағдарлама бар. Негізгі мақсатымыз – Түрік дүниесінің мәденитін дүниелік мәдениетке қатар таныстыру.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада ТҮРКСОЙ ұйымының 30 жылдығына орай халықаралық дөңгелек үстел өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/175458/)