Шымкентте мектептің бас бухгалтері үш жыл бойы мемлекет қаржысын өз қажетіне жаратқан
Шымкент қаласындағы №138 мектептің бас бухгалтері үш жыл бойы мемлекет қаржысын өз қажетіне жаратып келген. Ол осы мерзімнің ішінде мектепке бөлінген 67 миллион теңгені жымқырған. Тергеу барысында анықталғанындай, бас есепші мектеп директорының цифрлы қолтаңбаны қолдана алмайтынын пайдаланып, жымысқы әрекетін жүзеге асырған. Басшы тарапынан бақылаудың жоқтығын біліп/ мемлекет қаржысын өз қалауына жаратып келген. Бас бухгалтердің бұл әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл Шымкент қаласы білім беру саласындағы алғашқы қылмыстық әрекет емес. Жыл басынан бері білім басқармасы мен осы саланың 13 лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 5 трлн теңгеден асты
19.08.2026, 13:36
ЖИ орталығында алғаш рет халықаралық форум
19.08.2026, 13:23
Қытай қайта қонатын зымыранды сынады
19.08.2026, 13:20
29 штат Meta компаниясын сотқа берді
19.08.2026, 13:17
27 мың талапкер тамыз ҰБТ-сын тапсырды
19.08.2026, 13:15
Қарағандыдағы 5 мыңнан аса үйге газ қосылады
19.08.2026, 13:12
Әлеуметтік маңызы бар 11 ауру белгісі болса, тегін қызмет көрсетіледі
19.08.2026, 13:09
ТМД байқаушылар миссиясы сайлауалды жұмысқа оң баға берді
19.08.2026, 13:06