Жанармай бағасы азық-түлік құнына әсер етуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанармай бағасы азық-түлік құнына әсер етуі мүмкін

03.05.2023

Жанармайдан кейін азық-түлік қымбаттауы мүмкін. Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері дизель мен бензин бағасының көтерілуі нарыққа әсер етпей қоймайды,- дейді. Болжам бойынша түрлі тауар бағасы 5 процентке дейін көтерілуі мүмкін. Десе де министрлік өкілдері инфляцияны тоқтатып, бағаны тұрақтандыру үшін ауқымды жұмыстар басталып кеткенін айтты. Нәтижесінде жыл басынан бері инфляция небары үш жарым пайызға өскен. Айтуларынша бұл соңғы 5 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Енді жанармай бағасы азық-түлікке қатты әсер етпеуі үшін тиісті шараларды қабылдадық деп отыр.


Хабарламаларға жазылу