Шымкентте «Найза-антитеррор-2023» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Найза-антитеррор-2023» республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

28.04.2023

Шымкент қаласындағы «Ақтас» далалық оқу орталығында «Найза-антитеррор-2023» Республикалық жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтті. Терроризмге қарсы шараға Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ұлттық ұланның және Шекара қызметінің арнайы бөлімшелері қатысты. Жаттығуда күш құрылымдарының терроризмге қарсы операциялары кезең-кезеңімен көрсетілді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін алғаш рет «ыстық» нүктелердегі оқиғаларды жариялау, сондай-ақ терроризмге қарсы операция аймағында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша семинар-тренинг өткізілді. Оқу-жаттығу соңында күштік ведомстволардың қару-жарақтары мен техникаларының көрмесі көрсетілді. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу