Денсаулығы сыр берген Түркия президенті халықтың алдына қайта шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулығы сыр берген Түркия президенті халықтың алдына қайта шықты

28.04.2023

Денсаулығы сыр берген Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған халықтың алдына қайта шықты. Ол видеобайланыспен «Аккую» атом электр станциясына ядролық отын енгізу рәсіміне қатысты. 20 миллиард доллар жұмсалған нысанды Ресейдің «РосАтом» компаниясы салған. Айта кетейін, 3 күн бұрын Ердоғанның денсаулығы нашарлап жергілікті арналардың біріне берген сұқбатын тоқтатуға мәжбүр болды. Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның мәлімдеуінше, Ердоғанның қазір жағдайы жақсарды. Еске салсақ, бұл мемлекетте президенттік және парламенттік сайлау мамырдың 14-е белгіленген.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу