Жаңаөзендік мұнайшылар ұсынылған жұмыстан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзендік мұнайшылар ұсынылған жұмыстан бас тартты

27.04.2023

Тендерден қағылып қалған «Бералы Маңғыстау Company» қызметкерлерін жұмыспен қамту үшін «Өзенмұнайгаз» компаниясы қайта тендер ойнатты. «Соның нәтижесінде екі компания наразы мұнайшыларды қабылдап, талаптарын орындауға кепілдік берген. Бірақ мұнайшылар ол жұмыстан бас тартып, өзге талаптар қоя бастаған», - дейді Жаңаөзенде жұмыс істеп жатқан арнайы комиссияның жетекшісі Дәулетжан Хасанов. Оның айтуынша, алдағы уақытта тендер процедураларына да өзгеріс еніп, мердігер мекемемен «3+2» форматында шартқа отыру мәселесі қарастырылады.

Дәулетжан Хасанов, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі:

Хаттама жасап, өзіміз де кепілдік бердік. Осы 3 ай ішінде біз тендерлік процедураларды жасап, ұзақ мерзімді мердігер таңдаймыз, сіздерге тұрақты жұмыс орнына орналастырамыз дегенбіз. 3 жылға нақты шартпен, екі жылға әрі қарай ұзарту мүмкіндігі болатын тендер жасаймыз деп. Оның графиктерін көрсеткен болатынбыз.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу