Тель-Авивте сот реформасына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тель-Авивте сот реформасына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр

26.04.2023

Израиль астанасы Тель-Авивте ондаған мың адам сот реформасына қарсы шеруге шықты. Наразылық акциясы Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген. Шерушілер демократия мен теңдіктен бас тартуға ешқашан келіспейтінін айтып, ұрандатты. Олардың пікірінше, Биньямин Нетаньяху үкіметі жариялаған сот реформасы Жоғарғы соттың құзыретін шектеп, коррупцияға жол ашады. Аталған заң жобасына қарсы шеру Израильде жыл басынан бері өтіп келеді. Оппозицияның мәлімдеуінше, бұл наразылық елде қордаланған өзге де мәселелердің бар екенін көрсетіп отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу