Мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық нысандарды жеке меншікке беру заңды ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай-газ саласындағы инфрақұрылымдық нысандарды жеке меншікке беру заңды ма?

25.04.2023

Мұнай-газ саласындағы маңызды инфрақұрылымдық нысандарды жеке меншікке беру қаншалықты заңды? Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында осы мәселе көтерілді. Жиында мұнаймен айналысатын ірі компанияның бірнеше жыл бұрын жеке меншікке сатылғаны айтылды. Комиссия тапсырмасымен жүргізілген тексеру кезінде активтің төмендетілген бағамен жекенің қолына өтіп кеткені анықталған. Премьер-Министр құзырлы мемлекеттік органдарға осы мәселені қолданыстағы заңнама аясында пысықтауды тапсырды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу