Көлеңкелі экономикамен күресте бірде-бір сала тыс қалмауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлеңкелі экономикамен күресте бірде-бір сала тыс қалмауы тиіс

20.04.2023

Қара нарықтың саудасын азайтып, нарықтық экономиканы дамыту қажет. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында осылай деді. Оның сөзінше, көлеңкелі экономикамен күрес кезінде бірде-бір сала тыс қалмауы тиіс. Ал мемлекеттік органдар қабылдаған шара бизнеске қысым көрсетіп, инвестициялық әлеуеттің нашарлауына әкеп соқпауы керек деді. Жиында Қаржылық мониторинг агенттігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі басшыларының есебі тыңдалды. Комиссия тарапынан нақты ұсыныстар әзірленіп, тапсырма берілді. Енді оның орындалуы бақылауда болады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу