Шымкентте кеденде кәсіпкерге кедергі жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте кеденде кәсіпкерге кедергі жасалды

20.04.2023

Шымкентте кедендік бақылау органы ешбір себепсіз тауар рәсімдеуді созып, заңсыз әрекетке барған. Олар талап бойынша 8 сағаттың ішінде мақұлдануы тиіс болған электронды кедендік декларацияны 4 тәулік бойына қарамаған. Өзбекстаннан жүк әкеле жатқан кәсіпкер амалсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Call-орталығына шағымдануға мәжбүр болды. Кеден бекетінде жүргізілген түсіндіру жұмысынан кейін кәсіпкер өз тауарын шекарадан алып өтті.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу