АҚШ-та қазақстандық қос боксшы шаршы алаңға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та қазақстандық қос боксшы шаршы алаңға шығады

19.04.2023

Қазақстандық былғары қолғап шебері, Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл Сауль Альварес пен британиялық Джон Райдер айқасының кардында жұдырықтасады. Ақпаратты отандық «Сүлеймен Промоушнс» промоутерлық компаниясы растады. Кәсіпқой бокс кеші 6-мамырға жоспарланған. Бұл кеште Бек венесуэлалық Аргенис Эспаньямен кездеседі. Ол бұған дейін венесуэлалық Эбера Рондонаны бірінші раундта сұлатып түсірген еді. Ал, өткен аптада мексикалық Даниэль Эчеверрианы сегіз раундқа жоспарлаған жекпе-жектің екінші раундында нокаутқа түсірген Әбілхан Аманқұл бұл күні төртінші жекпе-жегін өткізеді. Қарсыласы мексикалық Хесус Паломарес. Ол кәсіби мансабында 7 рет кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіліп қалған. Қазір боксшылар соңғы жаттығуларын өткізіп жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу