Шығыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллезге шалдықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында 9 адам бруцеллезге шалдықты

19.04.2023

Шығыс Қазақстан облысында тоғыз адам бруцеллез жұқтырған. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы мәлімдеді. Бұл - биылғы бірінші қаңтардан бергі дерек. Эпидемиолог мамандардың айтуынша, қала тұрғындары ауруды азық-түлікті рұқсат етілмеген жерлерден сатып алғаннан жұқтыруы мүмкін. Ал ауылдықтарға ауру малдан жұққан деген болжам бар. Облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы биыл бруцеллез ошағы бар аудандардағы мал толық тексеруден өткізілетінін жеткізді.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу