Украина Еуропаға астық экспортын қайта жандандырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина Еуропаға астық экспортын қайта жандандырады

17.04.2023

Украина Еуропаға астық экспортын қайта жандандырмақ. Киев бұл әрекетін Польшадан бастауға ниетті. Мұны осы елдің ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді. Айта кетсек, сәуірдің 15-де Польша мен Венгрия Украинаның бидайы мен кейбір аграрлық тауарларын импорттауға тыйым салды. Өйткені астықтың көптеп келуінен жергілікті фермерлердің өнімі арзандап, сатылуы қиындап кеткен. Украина экспорты былтыр қарулы қақтығыс басталғаннан кейін тежелгені белгілі. Сол тұста Одесса порттарынан кемелер шыға алмай, Киев астығы мен азық-түлігінің бір бөлігін Польшаға, одан әрі Еуропаға құрлықпен тасымалдай бастаған еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу