СҚО-да желшешек ауруы өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да желшешек ауруы өршіп тұр

14.04.2023

Солтүстік Қазақстан облысында желшешек ауруы өршіп тұр. Тек соңғы үш айда қауіпті дерт бір мыңнан астам адамнан анықталған. Олардың 90 пайызы 14 жасқа дейінгі бала. Инфекциялық аурудың көрсеткіші, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, үш есе көп. Мамандардың айтуынша желшешек ауа тамшылары арқылы таралады. Облыс бойынша 21 балабақшаның жекелеген топтарында карантин енгізілді. Карантиндік шаралар соңғы науқас оқшауланған күннен бастап 21 тәулікке жалғасады. Ауырғандардың 61 пайызы Петропавл қаласында тұрады.

Айнаш Сағындықова, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:

Карантин енгізілген ұжымдарда кәдімгі дезинфекциялық жұмыстар күн сайын жүргізіледі. Сосын бөлмені желдетіп отырады. Қолдарын жиі жуып, жеке бас гигиеналарын балалардың дұрыс сақтауын қадағалап отырады.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу