Астанадағы халықаралық әуежай маңынан өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы халықаралық әуежай маңынан өрт сөндірілді

13.04.2023

Астана халықаралық әуежайы маңында тұтанған өрт толығымен сөндірілді. Қызыл жалын 3 га жуық аумақты шарпыған. Төтенше жағдай мамандары оқиға орнында қураған ағаштар мен қамыстың өртеніп жатқанын анықтаған. Сағат түскі екіден аса тұтанған от кешке қарай өшірілді. Өрт сөндіру жұмыстарына қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен 40 адам, 5 техника, және әкімдіктің 4 техникасы жұмылдырылды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу