Қазақстан мен Ресей сенаторлары бірқатар мәселені талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей сенаторлары бірқатар мәселені талқылады

13.04.2023

Қазақстан мен Ресей сенаторлары шекара маңы ынтымағы, трансшекаралық өзендер және есірткі айналымына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат ресми сапармен Ресей Федерациясына барған болатын. Сапар барысында палата спикері Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкомен кездесті. Сондай-ақ 2023-2025 жылдарға арналған Қазақстан Парламенті Сенаты мен Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесі арасындағы Ынтымақтастықты дамыту жөніндегі «Жол картасына» қол қойды.

 Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас табысты және тиімді екіжақты өзара іс-қимылдың жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Екі елдің ынтымақтастығы берік достық пен тату көршілікке, ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланыстарға, мемлекеттеріміздің тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына құрметпен қарауға негізделген.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу