Елдегі жылу орталықтарының қарызы 19 млрд теңгеден асқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі жылу орталықтарының қарызы 19 млрд теңгеден асқан

11.04.2023

Елдегі жылу-электр орталықтарының қарызы 19 млрд теңгеден асқан. Олар «ҚазТрансГаз-Аймақ» бен «Богатырь-Көмір» кәсіпорындарына берешек. Бүгін Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды. Жиында жылыту маусымына қажетті отын қорын қамтамасыз етпеген өңірлер аталды. Ол Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды мен Павлодар облыстары және Алматы қаласы. Сонымен қатар ел бойынша 7,5 мың шақырым жылу құбырларын ауыстыру қажет. Ең жоғары тозу деңгейі Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Биыл оларды жаңалау үшін 47 жобаны іске асыруға 69,4 млрд теңге бөлініп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

Туындаған барлық мәселені жылыту маусымына дейін созбай, жедел шешу қажет. Ұсақ-түйек демей, қауіп-қатерлердің барлығын мұқият есептеу керек.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу