Балқаш қаласына су берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласына су берілді

08.04.2023

Бүгін таңертеңнен бастап Балқашқа суық су беріле бастады. Қалаішілік құбырларда ақау шықпас үшін қысымды біртіндеп арттырды. Мамандардың айтуынша «Тоқырауын –Балқаш» магистральді құбыры мен резервуар бекітпесіндегі ақау жөнделген. Арнайы жұмыс топтары қазір тұрғын үйлерді аралап, жағдайды назарда ұстауда.

Еске салсақ, 4-і сәуір күні қала сыртындағы негізгі құбыр жарылған болатын. Тек үшінші күні ақау толық жөнделіп, қалаға су берілді. Алайда кеше резервуардағы 500 мм құбырдың бекітпесі істен шығып, шаһар тұрғындары тағы бір күн сусыз отырды.

Нұрболат Бөлеген, Балқаш қаласы ТҮКШ бөлім басшысының міндетін атқарушы:

Қаланың көпқабатты үйлеріне су біртіндеп берілуде. Бұған дейін айтқан болатынбыз, суық су желілерінде апат болмас үшін қысымы біртіндеп беріледі. Жағдай тұрақты бақылауда.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу