Сенаторлар Астанадағы полиция жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаторлар Астанадағы полиция жұмысымен танысты

04.04.2023

Астана қаласының Полиция департаментін жаңа ғимаратқа көшіру керек. Сонымен қатар қаладағы Сарыарқа аудандық басқармасына да жеке нысан қажет. Бұл туралы бүгін елордалық полицейлердің жұмысымен танысқан сенат депутаттары айтты. Андрей Лукиннің сөзінше, бүгінде құзырлы орган қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын да көтеру маңызды. Алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу үшін Сенат депутаттары заң жобаларын қайта қарауды жоспарлап отыр.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу