Еліміздегі 65 шекаралық ауданның экономикалық ахуалы нашар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 65 шекаралық ауданның экономикалық ахуалы нашар

03.04.2023

Елімізде 65 шекаралық аудан бар. Көбінің экономикалық ахуалы нашар. Салдарынан ол өңірлерде халық азайып, шекара бойы бос қалып жатыр. Оған аудандардың әкімшілік-территориялық бөлінісінің дұрыс болмауы да әсер етіп тұр. Сондықтан, алда шалғай елді мекендерді дамыту қолға алынады. Кезінде аудан мәртебесінен айырылып, оңтайландырылғандарының кейбірі қайта құрылыуы мүмкін. Мәселен Абай облысындағы Мақаншыны қайда жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ержан Жақып, тілші:

Үржар ауданында 80 мыңға жуық халық болса, соның тең жартысы осы Мақаншы өңірінде тұрады. Ширек ғасыр бұрын Мақаншыға жеке аудан ретінде 11 ауылдық округ қараған. Қазір де шекара бойлай орналасқан елді мекендер сол күйінде сақталған. Сондықтан экономикалық әлеуеті жоғары өңірді қайтадан жеке аудан ретінде құруға толық негіз бар-дейді тұрғындар.

Мақаншы өңірінде ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Туризм өркендеп тұр. Өйткені жылына 1 милионнан астам адам демалатын Алакөл осында. Бақты кеден бекеті Қытаймен арадағы сауда-саттықтың халықаралық дәлізі айналған. Іргесінде көмір кеніші бар. Алайда, шекара бойлаған елді мекендердің көбі аудан орталығы Үржардан алыста. Сол себепті соңғы жылдары жайлы тұрмыс іздеген жұрт біртіндеп көше бастаған. Сондықтан жергілікті халық 25 жыл бұрын аудан мәртебесінен айырылған Мақаншыны жаңғырту қажет дейді.

Әбен Разуев, Мақаншы ауылының тұрғыны:

Келесі жылы «Бақты-Аягөз» темір жолы басталатын болса құрлысы, бұл Мақаншы өңіріне еңбек күші ағындап келеді. Халқы бүгінгі күнде 33-35 мың көлемінде болса, 50-60 мыңға дейін жететіндігініе мен толық сеніп отырмын.

Нұртілеу Қожақов, Мақаншы ауылының тұрғыны:

Аудан боласа, халыққа да жұмыс табылады. Өңіріміз өркендейтін еді. Шекарамыз бекитін еді. Жаңағы жастарымыз қайтадан ауылымызға келетін еді.

Қазір мамандар Үржар ауданнын екіге бөлу үшін алдын ала дайындық жүргізіп жатыр. Елді мекендердің саны, әкімшілік территориясын, бюжет көлемін есептеп, картасын қағаз бетіне түсіріп қойған. Жоспар іске асса өңірдің экономикасының дамуына да, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына да зор мүмкіндік пайда болады.

Нұрлан Чакинов, Үржар аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы:

Аудандағы 53 елді мекеннің 11 ауылдық округі, 18 елді мекені сол Мақаншы ауданына бөлінеді жоспарда. Алдын-ала есептеулер бойынша ауданның жалпы ішкі табысының 40 пайызға жуығы Мақаншы өңіріне тиесілі. Мақаншының өзі халық саны да сақталып қалған. Бұрынғы ғимараттары да.

Қазір жаңа аудан құру бойынша республикалық комиссия да жұмыс жүргізіп жатыр. Президент те шекаралық аудандардағы елді мекендерді дамыту үшін нақты шаралар іске асытындығын айтты. Соны ескерсек Мақаншының жеке аудан мәртебесін иеленетін күні де алыс емес сыңайлы.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу