Бүгін жұмысына кіріскен депутаттар қандай мәселелерді көтермек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін жұмысына кіріскен депутаттар қандай мәселелерді көтермек?

29.03.2023

Бүгін жұмысына кіріскен депутаттар қандай мәселелерді көтермек? Үкіметке жолдайтын алғашқы депутаттық сауалы қандай? 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Абай облысында жол әсіресе Қалбатау-Майқапшағай, Қалбатау-Үшарал жолдары төрт жыл болды басталғанына аяқталған жоқ. Екінші мәселе Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды қолдауды жетілдіруге қатысты болады.

Қарақат Әбден, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Әйелдердің зейнет жасы туралы біраз жинаған аналитикаларым бар. Сол жайлы қоятын шығармын.

Ермұрат Бапи, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Менің бағытым, мақсатым, мұратым, мүддем сол баяғы қалай болды солай қалады.
– Парламенттегі оппазицинер боласыз ба сонда?
– Парламенттің ішінде өзіміз оппазициялық топ құрып, халықтық мүдде жолында жұмыс істейміз деген ой бар.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу