Президент Парламенттің алдағы жұмысын айқындап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Парламенттің алдағы жұмысын айқындап берді

29.03.2023

Сондай-ақ президент алдағы парламент жұмысының бірнеше бағытын айқындап берді. Алғашқысы – іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін ең алдымен әділ тұрақты әрі ашық салық жүйесін қалыптастыру керек деді мемлекет басшысы. Екінші – еліміздің өндірістік әлеуетін барынша арттыру. Өйткені Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді деді. Үшінші – инфрақұрылымды дамыту. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әсіресе әбден тозған жылу желілерін жаңғырту қажет. Төртінші – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Президенттің айтуынша, бұл саладағы саясат бірізді емес. Бөлінген қаражат тиімді жұмсалмайды. Өндіруші мен тұтынушы арасында делдал көп. Бесінші – адам капиталының сапасын арттыру. Осы орайда президент білім мен денсаулық салаларын дамыта беруді тапсырды. Алтыншы – әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау. Жетінші – адам құқығын қорғау жүйесін жетілдіру. Ал сегізінші – мемлекеттік басқарудың тиімділігін және стратегиялық жоспарлаудың сапасын көтеру.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу