Сарапшы: Тапшылықты болдырмау үшін жанар-жағармайдың бағасын көтеру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Тапшылықты болдырмау үшін жанар-жағармайдың бағасын көтеру керек

28.03.2023

Тапшылықты болдырмау үшін жанар-жағармайдың бағасын көтеру керек. Сарапшы пікірі осындай. Себебі көрші елдерде дизель отынының бағасы әлдеқайда қымбат. Ресейде - 367, Өзбекстанда – 544, ал Қырғызстанда 408 теңге. Сол себепте қара нарықтағы сауда қызып тұр. Оның пікірінше, бұл шаруаларға айтарлықтай әсер етпейді. Себебі мемлекет тарапынан қолдау бар.

Нұрлан Жұмағұлов, «Energy monitor» қоғамдық қорының директоры:

Шешім тек қана бағаны жайлап болса да көтеру. Жылына 10-15 пайызға көтеріп отырсақ болады. Өйткені дизель отынын кім тұтынады. Ол бизнестің жанармайы. Екіншіден біздің шағын жанармай бекеттері жойылмас үшін, олар банкротқа ұшырамас үшін оларға көмектесу керек.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу