Мәжілістің 8 шақырылым депутаттарын бүгін Орталық сайлау комиссиясы тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің 8 шақырылым депутаттарын бүгін Орталық сайлау комиссиясы тіркеді

28.03.2023

Мәжілістің 8 шақырылым депутаттарын бүгін Орталық сайлау комиссиясы тіркеді. Заң шығарушы органның құрамына енген 6 партия өкілдері мен тәуелсіз депутаттар тиісті куәлік пен төсбелгіні алды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, ресми тіркеу сәтінен бастап депутаттардың өкілеттігі басталатынын айтты. Парламенттің төменгі палатасында 98 депутат болады. Олар партиялық тізім және бірмандатты округтар бойынша сайланды. Енді ертең ресми түрде ант береді. Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Орталық сайлау комиссиясы тіркеген сәттен бастап сіздердің Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ретіндегі өкілеттіктеріңіз басталды. Сіздер осы сәттен бастап еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатысыздар. Баршаңызды халық қалаулылары атануыңызбен құттықтаймын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу