Бір мандатты жүйе бойынша сайланған депутаттар белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір мандатты жүйе бойынша сайланған депутаттар белгілі болды

27.03.2023

Мәжіліске бір мандатты жүйе бойынша сайланған депутаттардың да тізімі белгілі болды. Астана қаласынан Дәулет Тұрлыханов пен Дәулет Мұқаев, Алматыдан Ермұрат Бәпи, Ерлан Стамбеков пен Бақытжан Базарбек, ал үшінші мегополис Шымкенттен Данабек Исабеков пен Болатбек Нәжметдинұлы мәжілісмен болды. Абай облысынан Нұртай Сәбилянов, Ақмола облысынан Айна Мысырәлімова, Ақтөбе өңірінен Қазыбек Әлішев сайланды. Ал Алматы облысынан Ардақ Назаров пен Данияр Қасқарауов депутат болды. Сондай-ақ, Әділ Жұбанов Атырау облысының атынан, Абзал Құспан Батыс Қазақстан облысынан, Мұқаш Ескендіров пен Гүлдара Нұрымова Жамбыл облысынан Мәжіліске өтті. Жетісу өңірінен Руслан Қожасбаев, Қарағанды облысынан Құдайберген Бексұлтанов пен Арман Қалықов, Қостанай облысынан Еркін Әбіл, Қызылорда өңірінен Мархабат Жайымбетов депутат болды. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысынан Еділ Жаңбыршын, Павлодар облысынан Амантай Жарқынбек, Солтүстік Қазақстан облысынан Еркебұлан Мәмбетов, Түркістан облысынан Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков және Темір Қырықбаев мәжілісмен болып сайланды. Ұлытау облысынан Ерболат Сатыбалдин мен Шығыс Қазақстан облысынан Лұқбек Тұмашинов та депутат болды.

Хабарламаларға жазылу