Елімізде GPP стандартына сай емес дәріханалар саны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде GPP стандартына сай емес дәріханалар саны анықталды

24.03.2023

Ал денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, дәріханалардың ғимаратына қойылып жатқан талап осыдан 4 жыл бұрын қабылданған. Оны лицензия алу үшін міндеттеген. Бұл құжат 5 жылда бір рет беріледі. Бірақ оны биыл да алатын кәсіпкерлер аз емес. Дегенмен, дәл қазір еліміз бойынша қанша дәріхана GPP стандартына сай емес екені белгісіз. Жаңа жүйеге көшпегендерге қандай шара қолданылатыны да әлі талқыланып жатыр екен.

Әсия Молдиманова, Медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің бөлім басшысы:

Сәйкес емес. Өйткені, әр кезеңде заңдар өзгеріп отырады ғой. Ал енді 2019 жылы кәсіпкерлер кодексінің талаптарына сәйкес, лизенция берердің алдында міндетті түрде квалификациялық талаптарға сай ма, сай емес пе? Сол туралы обьектілерге шығып, барып қарағаннан кейін ғана рұқсат беріледі. Енді сол кездерде электронды түрде жүргізілгендіктен көп кәсіпкерлердің дәріханалары сәйкес еместігі анықталды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу