Елордалықтар «Ақ боз үй» фильмін тамашалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар «Ақ боз үй» фильмін тамашалады

24.03.2023

«Ақ боз үй» тарихи фильмі, көрерменге жол тартты. Кинокартина белгілі жазушы Смағұл Елубайдың романы негізінде түсірілген. Жаңа туынды 30 наурыздан бастап, еліміздің 11 қаласында көрсетіледі. Картинада 1918-1933 жылдар аралығында қазақ халқының басынан өткен нәубет жылдар көрсетіледі. Қаламгер трилогиясының соңғы тарауы 1,5 сағаттық фильмге арқау болған. Ол Қазақстанның Батысында басталып, Түрікпеннің Қарақұмында, Хорезмде аяқталады. Басты кейіпкер Пахраддин бидің рөлін, актер Қайрат Кемалов сомдады. Ол түсіру алаңындағы қиындықтармен бөлісті.

Қайрат Кемалов, актер:

Шыдау мүмкін емес. Бір дубльді түсіргеннен кейін кеуіп қаласың. Үстіңнен су құяды. Аяқтағы етіктен ыстық өтіп кетеді. Етіктің ішіндегі аяқты күйдіреді сондай ыстықта. Бірақ оған біз шыдадық. Біз осы кино түсіріп жатқан топ осыған зорға шыдап жатырмыз. Тура осы жағдайды басынан кешкен адамдар, содан жан тәсілім берген адамдар қандай сезімде болды екен?

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу