Жер сілкінген 11 облыста жаңа үйлердің іргетасы қаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сілкінген 11 облыста жаңа үйлердің іргетасы қаланды

24.03.2023

Түркияның жер сілкінген 11 облысында жаңа үйлердің іргетасы қалана бастады. Түркия Үкіметі мүшелері мен партия жетекшілері басқосқан Қаһраманмараш қаласындағы жиында Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде жаңа үйлердің іргетасын құю процесін бастатты. Бір жыл ішінде 11 облыста 650 мың үй салынады. Оның 30 мыңнан астамы ауылдарда бой көтермек. Үйлердің биіктігі 4-5 қабаттан аспайды және тастақ жерлерге салынады. Түркияның оңтүстік-шығысында бір жарым ай бұрын болған алапат жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам қайтыс болып, 500 мыңнан аса ғимарат қираған немесе бүлінген. Экономистер бұл апаттан Түркия экономикасына 100 млрд доллардан аса шығын келгенін айтады.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Президенті:

Апат аймағында үйінділерді тазалау, уақытша баспана тұрғызу және жаңа үйлер салу сияқты жұмыстарды бір мезгілде жүргізіп жатырмыз. Бүгінге дейін қирандылардың жартысынан көбін тазаладық. Өңірде 525 мың шатыр, 32 мың контейнер орнаттық. Мамыр айына дейін 100 мың контейнер үй орнату жоспарда.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу