«Наурыз – 2023» халықаралық радиокөпірі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Наурыз – 2023» халықаралық радиокөпірі өтіп жатыр

20.03.2023

Наурыз мейрамы қарсаңында қазақ радиосының әуе толқынында Халықаралық радиокөпір өтіп жатыр. 9 елдің қатысуымен ұйымдастырылған шара 10 сағатқа жалғасады. Радиокөпір 2021 жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл жолы Иран, Түркия, Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Татарстан және Башқұртстан Республикаларының радиоарналары эфирге қосылып, ортақ мерекені атап өту ерекшеліктері туралы айтады. Осылайша бауырлас елдердің радиоарналары наурыз мерекесіне жаңаша шырай беріп, ауқымын кеңейтуге үлес қосады.

Нұрымжан Жұмағазиев, жоба жүргізушісі:

Сол мемлекеттерден қазір жақсы ұсыныстар келіп жатыр. Осы мерекелік шаралардан бөлек одан басқа да арнайы бағдарламалар ұйымдастыру. Мысалға татарлардың бізге ұсынғаны қазақ таратлармен бірге бір анайы концерт ұйымдастыру. Радиода. Жалпы түркі халықтарының бірлігін нығайту, мәдениетін дәріптеу мақсатында осындай үлкен жобалар әрі қарай өз жалоғасын табады деген ой бар осы ұсыныстардан кейін.

Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу