7 аймақта судан қауіп жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

7 аймақта судан қауіп жоғары

20.03.2023

Ел аумағында қар басқан жердің аумағы 39 пайызға азайған. Дегенмен 7 аймақта судан қауіп жоғары. Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тасқын судың қатері бар. Қауіпті кезең басталғалы ел бойынша 162 үйді су басқан.

Қаһарман Оразалин, ҚРТөтенше Жағдайлар Министрлігінің Департамент Басшысы:

Алдын алу жұмыстарының нәтижесінде 213 елдімекенде су басу қаупі сейілді. Ол жерлерде 580 мың адам тұрады. Жыл басынан бері 24 км бөгет соғылып, 4 мың шақырым канал тазартылды.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу