Президент Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

20.03.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спортшы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады. «Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін». Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына осылай деп жазба қалдырды. Айта кетейік, қазақстандық спортшы қыз АҚШ-та өткен Индиан Уэлс турниріндегі жеңісінен кейін әлемдегі мықты теннисшілердің рейтингінде 7-орынға көтерілді.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу