Ұлыбританиядағы сайлау: Студенттердің белсенділігі жоғары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы сайлау: Студенттердің белсенділігі жоғары

19.03.2023

Ұлыбританияда қазір түскі уақыт. Лондондағы елшілік жанындағы сайлау учаскесінде дауыс беру қыза түсті дейді тұманды Альбиондағы тілшіміз Марина Бекенова.

Марина Бекенова, тілші:

Азаматтық борышын өтеу үшін осында оқып жатқан студенттер көптеп келуде. Олар тек Лондоннан ғана емес Біріккен Корольдіктің түкпір-түкпірінен жиналып жатыр. Тек «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда білім алып жатқан жастардың саны 100-ден асады. Сайлаушылардың көңіл күйі көтеріңкі. Дауыс беру жәшігі жанында фотоға түсіп, күнде көре бермейтін отандастарымен қауышып, қуанып жатыр.

Ельнара Сакенова, «Queen mary» университетінің магистранты:

Мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша «Queen mary» университетінде магистратурада білім алып жатырмын. Бүгін Лондон төрінде өтіп жатқан сайлауға өзімнің саяси көзқарасымды білдіру үшін арнайы келдім. Менің ойымша, әрбір Қазақстан азаматы, әсіресе, жастар үшін саяси белсенділік таныту өте маңызды.

Дауыс берушілер қатарында туристер де бар. Тұманды Альбионда саяхаттап жүрген отандастарымыз саяси науқанға жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскесіне ат басын бұрып жатыр. Бұдан бөлек, іссапарда жүрген отандастарымыз да белсенділік танытуда. Лондонда дауыс беру 8 сағаттан соң ғана аяқталады.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу