Әлеуметтік желідегі сайлау күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желідегі сайлау күні

19.03.2023

Бүгін, ел өміріндегі елеулі күн. Милиондаған отандасымыз сайлау учаскелеріне барып, таңдау жасады. Маңызды сәтті суретке түсіріп әлеуметтік желіде жария еткен жерлестеріміз де баршылық. Бәйдібек ауданының өнерпаздары саяси науқанның шырайын келтірді. .Ән шашумен босаға аттаған азаматтардың әрекеті сайлауды меркеге айналдырды. Ернұр, Бекнұр, Әлинұр. Үшем жетелеген Алдабергеновтар отбасының суреті де желіге жылымық әкелді. Жетісудың көкпаршылары да сайлауға сәйгүлігін сайлап келді. Көкпаршылар барған сайлау учаскесінің төрағасы: «барлығы әділ өтіп жатыр, ешқандай тәртіп бұзушылық болған жоқ» -деп, жазған. Басқа-басқа түйе мінген дауыс берушілерге Талдықорғанда таң қалмаған адам қалмаған шығар. Жетісудың театр тарландары Наурызды сайлаумен қоса тойлатты. Павлодарлық Қобланбек Қожин есімді желі қолданушысы, өз таңдауымды жасадым деген сурет жариялады. Жалпы, бюллетеньді жәшікке тастап тұрған суреттер бүгін желіде көп тарады. Бұдан-ақ, азаматтардың белсенділігін байқауға болады. Тіпті, кей жерде кезекте тұрған сайлаушылардың да видеосы тарады. Денсаулығына байланысты, сайлау учаскесіне жете алмаған азаматтарға сайлау жәшіктері жеткізілді. Ал, Батыс Қазақстан облысы, Жосалы ауылында алдымен келген ақсақалдың иығына шапан жабылды. Мысыр мемлекетіндегі елші Қайрат Лама Шариф «Жаңара бер, әділетті Қазақстан» деген жазба жариялаған.

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу