Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтіп жатыр

19.03.2023

Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы биыл жаңа форматта өтіп жатыр. Депутаттар тек партия атынан сайланбайды. Кандидаттар сайлаудың тағы бір түрі - мажиортарлық жүйемен додаға түсіп жатыр. Осы өзгеріс Парламенттің жаңа форматын қалыптастырады. Саясаттанушы Қарлығаш Жанпейісованың пайымы осындай. Үміткерлердің бақ сынауына жол ашатын жүйе – өңірлердегі белсенді кісілерді көп ішінен тануға, табуға жол ашады. Билік осындай тұлғалардың арқасында жаңарады, кейпі өзгереді,-деп санайды, саясаттанушы.

Қарлығаш Жанпейісова, саясаттанушы:

Біздің елімізде осы әділетті Қазақстан, Жаңа Қазақстанды құру бағытында мемлекеттің жасап жатқан тәжірибесі. Бұл Қазақстанның жаңаруына, саяси институттардың трансформациялана отырып, демократиялануына мүмкіндік беретін тәжірибе ретінде қарастыруға болады.

Нұрбек Бекбау

Хабарламаларға жазылу