Еліміздің батыс аймағында дауыс беру енді аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің батыс аймағында дауыс беру енді аяқталды

19.03.2023

Еліміздің батыс аймағында дауыс беру енді аяқталды. Қазір бізбен тікелей эфирге шығуға өңірдегі әріптесім Ардақ Мұратқызы әзір тұр. Ардақ, алғашқы қорытындылар белгілі болды ма?

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Оралда дауыс беру енді ғана аяқталды. Қазір біз облыстық сайлау комиссиясында тұрмыз. Бұл жерде сайлауға қатысқандар саны пысықталып жатыр. Жалпы аймақта 700-ге жуық сайлау комиссиясы бар. Онда 4 мыңнан астам комиссия мүшелері әлі де жұмыс істеп жатыр.

Жандос Темірғали, тілші:

Бізде қазір қарбалас басталды. Өңірдегі 269 сайлау учаскесі есігін тарс жапты. Бәрінде дауыс санау басталды. Біз қазір нөмірі 90 сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл жерде де жұмыс қызып жатыр. Комиссия мүшелері жәшіктің құлпын ашып, бюлетендерді реттеп жатыр. Тіпті олардың бізге қарауға мұршасы жоқ. Сонда да учаске төрағасын сұқбатқа тартайық. Өңірде дауыс беру құқығына ие 412 мыңнан аса адам тіркелген. Өткен сағаттағы соңғы ақпарат бойынша тұрғындар саяси науқанда өз таңдауын жасап үлгерді. ОСК-сы ешқандай заңбұзушылықтың болмағанын айтады.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу