Орталық Сайлау комиссиясында сағат сайын брифинг өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық Сайлау комиссиясында сағат сайын брифинг өтіп жатыр

19.03.2023

Бүгін сайлауға орай Орталық Сайлау комиссиясы әр сағат сайын брифинг өткізеді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, сағат 6-ға дейінгі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,98 пайызы бюллетеньдер алды. Өңірлерде тұрғындардың қанша пайызы дауыс беріп үлгерді? Touch screen арқылы соңғы мәліметті көрсеттік. Өңірлер мен шетелдерде орналасқан учаскелерде дауыс беруге әлі де уақыт бар. Алматы облысындағы барлық, яғни 629 сайлау учаскесінде «Exitpoll» әлеуметтік сауалнама жүргізіп жатыр. Аталған жұмыспен акредиттелген екі бірдей ұйым қызметкерлері айналысады. Сауалнама барысында жиналған ақпарға сай, партиялардың және үміткерлердің қанша дауыс жинағаны болжамды мәлімет ретінде жарияланады. Интервьюерлер тұрғындарға кімге немесе қандай партияға дауыс бергендігі жайлы сұрайды.

Тамара Іргебаева, Алматы облысындағы интервьюер:

Біздің супервайзерлеріміз бар. Жиналған ақпаратты супервайзерге ал, супервайзер арнайы менеджерге жібереді. Мен бүгін қырық адамға сауалнама жүргіземін. Өйткені менен басқа да интервьюерлер бар. 18 жастан бастап кез келген ҚР азаматы сауалнамаға қатыса алады. Бас тартам десе де, өз еркі.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу