Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кеңесші ЕҚЫҰ байқаушыларымен кездесті

17.03.2023

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы байқаушыларының басшысы Ирен Хараламбидеспен және ұйымның Парламенттік Ассамблеясы миссиясының басшысы Рейнхольд Лопаткамен кездесті.

Президенттің бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды саяси реформалардың шеңберінде сайлау жүйесіне енгізілген өзгерістер жайлы айтты.Сайлауға дайындық және оны өткізу барысын толыққанды бақылау үшін барлық жағдай жасалғанын баяндады. Ұйым өкілдері Қазақстанның демократиялық даму жолына қолдау білдіретінін атап өтіп, елдегі реформаларды ерекше ықыласпен бақылап отырғанын жеткізді. Айта кетейік, аталған ұйымнан сайлауды бақылау үшін елімізге 80-ге жуық өкіл келді. Бұл 1994 жылдан бері Қазақстандағы сайлауды байқауға келген 12-ші миссиясы.

Нұрбек Бекбау

Хабарламаларға жазылу