Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті. Бұл сапардың Қазақстан мен БҰҰ жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда маңызы зор. Еліміздің адам құқықтарын қорғау бойынша қарым-қатынас орнатып, ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеген Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде де айтты. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет». Осы қағидатты жүзеге асыру аясында қолға алынған жаңғыру бастамасын былтырғы жалпыұлттық референдум мен президент сайлауы кезінде Қазақстан халқы қолдағанын жеткізді.
Ғабит Бөкенбай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы БҰҰ комиссарымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/173134/)