ШҚО-дағы күл ауруының таралуы азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-дағы күл ауруының таралуы азайды

17.03.2023

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында ұсақ малдан шыққан күлі ауруының таралуы азайды. Осы індеттің ошағы болған Аққайнар, Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдары аумағында карантин жарияланған. Алдын ала болжамға сәйкес, жұқпалы аурудың бұл түрі басқа облыстан тасымалданған шөп немесе топырақ арқылы келген болуы мүмкін. Қазір қорасынан ауру шыққан шаруашылықтардағы малға ветеринарлар жаппай екпе салып жатыр. Бүгінге дейін ауданда 6 мың доза вакцина егілді.

Мэлс Қайнолдаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

Қазіргі таңда жаңа ауырған малдар жоқ. Бұрынғы ауырған малдар жазылу үстінде. Қиын кезеңі аурудың өтті. Қазіргі таңда сол жерде республикалық эпизодиялық іс шара бөлім жасағы жұмыс істеп жатыр.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу