Заң талабын бұзған кандидаттар жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң талабын бұзған кандидаттар жазаланды

17.03.2023

Сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізу кезінде 23 заң бұзушылық тіркелді. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Орталық сайлау комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді. Олардың көбі тыйым салынған уақытта насихат жүргізген. Араларында заң табалын бұзып азаматтарға тегін такси қызметін көрсеткендер де, әлеуметтік желіде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізгендер де бар. Тіркелген деректер бойынша шара қолданылып, заң бұзғандар жазаға тартылды. Ал ертең тыныштық күні. Үгіт жұмыстарына тыйым салынады деп ескертті Бас прокурордың орынбасары.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Біз оларды жауапқа тарту үшін орталық сайлау комиссиясының келісімін алдық. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102 бабы бойынша айыппұл салғаннан кейін және сот актілері заңды күшіне енген соң тиісті округтік сайлау комиссиялары олардың тіркеуінің күшін жойды.

Оңғар Алпысбаев

Хабарламаларға жазылу