Атырауда алдағы бес жылда 13 инвестициялық жоба жүзеге асады
Ел эконокасының драйвері - Атырау өңірінде алдағы бес жылда ондаған инвестициялық жоба жүзеге асады. Мұнай-газ саласына тың серпін беретін ірі бастамалар қазірден қолға алынды. Президент халыққа Жолдауында өнеркәсіп саласына тың серпін беру қажеттігін айтқан болатын.
Жандос Темірғали, тілші:
Президент өз Жолдауында кез келген дағдарысты еңсеруге қажетті резервтер мен амал-тәсілдердің бәрі бар деді. Оның дәлелі Теңіз мұнай кенішіндегі пропан газын өңдейтін полипропилен кешені. Мемлекет басшысының өзі келіп жұмысын бастап берген бірегей зауыт, әлемдегі 5 ірі өндіріс ошағының тізіміне кіреді. Жылына 500 мың тонна шикізат өндіруге қауқарлы. Биыл өңірде сауда саласында да жаңалық көп. Ауқымды 13 жоба жүзеге асады. Инвестиция көлемі 23 млрд теңгені құрап отыр. Қазір менің жанымда ғалым Лесқали Базарғалиұлы тұр. Лесқали мырза, ғылым өкілі ретіндегі ойыңызды білсек.
Дамудың даңғыл жолына ауылдар да түсуі тиіс. Президент ата кәсіпті жандандырып, агросектор саласындағы проблемаларды шешуді тапсырды. Биыл өңірдегі 15 ауыл қайта түлейді. Әрі әлеуметтік саладағы проблемаларды түбегейлі шешу үшін құны 223 млрд теңге 41 жоба жасақталды. Нәтижесінде 40 мың жұмыс орны ашылады деген жоспар бар.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04