Ақтөбеде қымызмұрындық дәстүрі аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде қымызмұрындық дәстүрі аталып өтті

18.06.2015
Ақтөбеде қымызмұрындық дәстүрі аталып өтті

Ақтөбеде қазақтың байырғы дәстүрінің бірі - қымызмұрындық тойланды. Бір топ зиялы қауым өкілдері бірлесіп ұйымдастырған игі шарада ұлттық тағамдарға толы дастархан жайылып, ақшаңқан киіз үйлерде ән мен күй қалықтады.

Негізгі мақсат - ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу, ұмыт бола бастаған құндылықтарымызды жаңғырту және ұлттық тағамдарымызды ұлықтау.

«Көпшілікке арналған түрлі мәдени шаралар мен мерекелерде ұлттық сусынымызды дәріптеу дәстүрге айналуы тиіс», - дейді жиналғандар.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу