Оңтүстік Қазақстан өңірінде Атырау облысының мәдениет күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан өңірінде Атырау облысының мәдениет күндері басталды

18.06.2015
Оңтүстік Қазақстан өңірінде Атырау облысының мәдениет күндері басталды

Оңтүстік Қазақстан өңірінде қазыналы Атырау облысының мәдениет күндері басталды. Құрамында 300-ге тарта  өнерпазы бар делегация шуақты өлкені енді екі күн бойы ән мен күйге бөлемек.

Мәдени байланыстың алғашқы күні қасиетті Түркістан шаһарынан басталды.

Қала жұртшылығы Каирде өткен халықаралық фестивальде бас жүлдені жеңіп алған Қадыр Мырза Әлінің «Жаралы жолбарыс» тарихи драмасын тамашалады.

Сондай-ақ, оңтүстік жұртшылығы өлкетану мұражайында жинақталған тарихи жәдігерлер мен өнер туындылары қойылған көрмені тамашалады.

 

         

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

Хабарламаларға жазылу