Президент Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады

13.03.2023

Президент Әділет министрі Азамат Есқараевты қабылдады. Ол әділет органдары қызметінің нәтижелері мен алдағы жоспарлар туралы есеп берді. Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстердегі мыңнан астам бап пен 1200 ұсынысқа талдау жүргізілгенін айтты. Бизнесті негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермейтін тиісті заң жобасы әзірленіп жатқанына да тоқталды. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру шараларын қамтитын 12 жоба Президентке таныстырылды. 

Назгүл Әмірбек

Хабарламаларға жазылу