Атырауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғындар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен тұрғындар табылды

11.03.2023

Атырау қаласында мал іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен екі тұрғын аман-есен отбасымен қауышты. Құтқарушылар оларды тікұшақ арқылы екі тәулік дегенде әзер тапты. Олардың шаһар іргесіндегі Алғабас ауылынан 50 шақырымға ұзап кеткені белгілі болды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу